Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Конгода кит аулайтын кеме суға батып, 34 адам хабар-ошарсыз кетті

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конгода кит аулайтын кеме суға батып, кем дегенде 34 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Полицияның мәлімдеуінше, суға батқан кит аулайтын кемеден 76 жолаушы құтқарылған. Түбі жазыңқы кеме өзен-көлдерде адамдарды тасымалдауға пайдаланылған. Ол Мей Ндомбе провинциясынан Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасаға барар жолда апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Апат себептері әзірге белгісіз. Бірақ жолаушылардың құтқару желет кигеніне сенім жоқ. Оның үстіне олардың көпшілігі жүзе де алмайды.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай