Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Қонақ үйде қызын өлтірген британ азаматын қамау мерзімі ұзартылды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 10:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда InterContinental қонақ үйінде 1,5 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматын қамау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы 2020 жылдың 24 наурызына дейін ұзартылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, былтыр 24 қазанда Алматыдағы бес жұлдызды қонақ үйде әкесі 1,5 жастағы қызын өлтірген.

Бастапқыда буындырып өлтірген деген мәлімдеме болды.

Кейіннен ұсталған соң судья оны 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.

Күдікті 41 жастағы Ұлыбритания азаматы болып шықты.


Жоғары қарай