Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Қазақстан командасы алғашқы ондыққа кірді

2020 жылдың 14 ақпан 2020 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлем чемпионатының алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер 5000 метрге жарысудан сынға түсті. Қазақстан командасы ерлер арасындағы командалық спринттен сынға түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша, жерлестеріміз 1:20,39 уақыт көрсеткішімен алтыншы орын иеленді. Алтын жүлдені Нидерланд спортшылары, «күмісті» қытайлықтар, қола жүлдені Норвегия құрамасы қанжығаларына байлады.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай