Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Көмір үшін көз жұмған семейлік дзюдошының өліміне кінәлі сотталды

2019 жылдың 15 мамыр 2019 09:27

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде көмір үшін талас кезінде ажал құшқан дзюдошы Жасұлан Әбиевтің өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 айға созылған тергеу-тексеру жұмыстары нәтижесінде күдікті 25 жастағы Мәулен Марленов кінәлі болып, 8 жылға сотталды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы бойынша жауапқа тартылған Мәулен Марленовке қатысты іс 6 айға созылды. Сот оны 8 жылға орташа дәрежедегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, 3 млн теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді»,-деді №2 сотының судьясы Жанат Әбенова.

Еске сала кетейік, оқиға 2018 жылғы 12 қарашада болған. Жасұлан «Қаражыра» көмір карьерінің сыртындағы көліктер кезегін реттеуші болып жұмыс істеген. Алайда кезекте тұрған азаматтар арасында жанжал туындап, соңы төбелескен ұласқан. Алған жарақаттары салдарынан Жасұлан Әбиев оқиға орнында көз жұмды.

Жоғары қарай