Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Коллекторлық компанияларда бұрынғы бандылар жұмыс істеуде – Бас прокуратура

2019 жылдың 24 қазан 2019 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы үш жылда коллекторларға қатысты 15-ке тарта қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенатта өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокурорының көмекшісі Қайрат Раисов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы үш жылда коллекторларға қатысты 15 қылмыстық іс болды. Бұл тұрғыда олардың дөрекі іс-қимылдарына, мәліметтердің үшінші адамдарға берілу жағдайына шағым айтылуда. Осы орайда коллектормен арадағы әңгіменің аудиожазбалары ұсынылуда, бұл жазбалардан сұмдық сөздерді естуге болады. Бұл тұрғыда осы әңгіме коллекторлық компания қызметкерімен болғанын нақтылай алмаймыз, себебі олар жеке нөмірмен байланысқа шығады. Осындай шағымдарды Ұлттық банкке ұсынамыз», - деді Қ. Раисов.

Осы орайда, ол Бас прокуратура бұл мәселелерде тұрғындардың құқықтарын қорғау аясында тиісті шараларды пысықтап жатқанын айтты.

«Өз қызметін заңнама аясында атқаратын коллекторлық компаниялар бар, сондай-ақ жұмысын адал атқармайтындар да кездеседі. Яғни, бұл салада заңнамаға қайшы әдістерді пайдаланатындар арасында бұрынғы бандылар да бар», - деді Бас прокуратура өкілі.

Қ. Раисов осы бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін тиісті ұсыныстарын айтты.

«ҚР Ұлттық банкіне бірнеше ұсыныс бар. Коллекторлардың заңсыз әрекетіне тап болып жүрген адамдар кездеседі. Бұл ретте қорқыту, жәбірлеу кезінде тұрғындар қайда шағымдану керектігін білмейтіндігі анықталды. Менің ойымша, Ұлттық банкте жедел байланыс желісі бойынша ұсыныс болуы керек», - деді ол.

Жоғары қарай