Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Колледждің бас бухгалтері мен экономисі бюджеттің 10 млн қаржысын жымқырған

2018 жылдың 17 сәуір 2018 16:44 105

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының мемлекеттік аудиторлары Қармақшы аграрлық-техникалық колледжіндегі қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жария етілген мәліметке сәйкес, колледждің бас бухгалтері мен экономисі жеке шоттарына еңбекақы ретінде 10 млн 331 мың теңге ақшаны негізсіз аударған. Осылайша «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын бұзған.

«Сондай-ақ 2017 жылдың ішінде бас бухгалтер еңбекақы, сыйақы және еңбек демалысы үшін көзделген 1 млн 636 мың теңгенің орнына Халық банктегі жеке шотына 8 млн 052 мың теңге, ал экономистке көзделген 1 млн 168 мың теңгенің орнына 3 млн 915 мың теңге аударған. Қазіргі уақытта колледж қызметкерлеріне жалақы, демалыс және өзге де төлемақылардың заңды аударылуына аудит жүргізілуде», - деп атап өтеді министрлік.

 

 

Жоғары қарай