Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Колледждерді сенімді басқаруға 100 инвестор қызығушылық танытты - Асхат Аймағамбетов

2019 жылдың 4 шілде 2019 16:52 1720

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ірі инвесторлар қазақстандық колледждерді сенімді басқаруға алуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Кәсіптік біліммен қамту артып келеді және қазірдің өзінде ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштеріне жақындап қалдық. Кадр дайындауға жұмыс берушілерді тарту үшін серіктестік тетігі дамуда, бұл - дуальды оқыту. Дуальды оқытумен 438 колледж және 3 мыңнан астам жұмыс беруші қамтылған. Біз дуальды оқытуды дамытқымыз келеді. Бұған, сонымен қатар, колледждерімізді ірі инвесторлардың сенімді басқаруына беру де кіреді. Қазірдің өзінде 5 колледжді сенімді басқаруға бердік және 100-ден астам инвестор қызығушылық танытты», - деді министр.

Оның атап өтуінше, «Жас маман» жобасына бюджеттен 58 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа заманауи құрал-жабдықтар сатып алынады.

«Бұл ретте біз сапалы кадр дайындау үшін кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды орнату мақсатында инвесторлармен, бизнеспен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Дайындайтын мамандықтарға түгендеу жүргіздік. Талап етілетін жаңа бағдарламалар ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз және бизнестің өтінімі негізінде бұған дейін болмаған 24 жаңа білім беру бағдарламасын аштық», - деді А.Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, таяу уақытта колледждердегі білім бағдарламаларының барлығы жаңартылады.

«Шетелдік инвесторлардың жәрдемімен колледждерде құзірет орталықтары ашылуда. 2023 жылдың соңына дейін мұндай орталықтар барлық жерде жұмыс істейтін болады», - деді ол.

 

 

Жоғары қарай