Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Көліктегі полиция құқық бұзғандарға 60 млн-ға жуық теңгеге айыппұл салды

2019 жылдың 23 шілде 2019 15:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ден аса адамды әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, кКліктегі полиция департаменті мен оның желілік бөліністерінің қызметкерлері кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері 31233 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. 400-ден аса адам әкімшілік қамауға алынып, 59 млн-ға. жуық теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Сондай-ақ, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде, жалпы пайдалану орындарын ластау бойынша 411, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді пайдаланып, масаң күйде болғаны үшін 3788, тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін 2137, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 2013, тәуліктің түнгі уақыттарында балалардың үлкендердің ілесіп жүруінсіз 274, белгіленбеген жерлерде темір жол өткелдері үшін 15113 құқық бұзушы және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 910 адам әкімшілік жауапқа тартылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің деректері бойынша, қоғамдық орындарда тиісу әрекеті бойынша 1461 адам әкімшілік жауапқа тартылса, оның 222-сі такси жүргізушісі.

Қабылдап-тарату орындарына тұрғылықты мекенжайы жоқ 149 адам орналастырылып, 420 адам медициналық айықтырғышқа жіберілген. Еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарынан қаңғыбастық және қайыршылық жасаған кәмелетке толмаған 100 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жеткізіліп, орналастырылған.

«Жыл басынан бері көлік полицейлері 14176 жолаушылар поездарына ілесіп жүрді. Бұған қоса, полицейлер 349 бірлескен алдын алу іс-шарасынн, 442 халықпен жиындар, 606 жолаушылар поездарында кездесулер және оқу орындарында 1060 дәріс өткізді»,-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Заң, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай