Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Көлік полицейлері жыл басынан бері 900-ге жуық шетелдікті жауапқа тартты

2019 жылдың 30 сәуір 2019 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері 900-ге жуық шетел азаматын әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, Көші-қон қызметі басқармасының мәліметіне сәйкес, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың басынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде көлік полицейлері 897 азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Оның 794-і ТМД азаматы, ал 15-і өзге шет мемлекеттерден.

Мәселен, Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін 22 жастағы Ауғанстан азаматы әкімшілік жауапқа тартылды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2- бөлігі, яғни шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ тұлғамен халықтың көшіп-қонуы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жоғарыда аталған азамат Шу аудандық сотының қаулысымен ел аумағынан шығарылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін 4 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін - 1, ел аумағынан тысқары шығару туралы соттың шешімін орындамағаны үшін - 2 және мемлекеттік шекараны қасақана өткені үшін - 1 заңбұзушылық анықталды. Бұған қоса көлік полицейлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 14 шетел азаматын қабылдау орнына орналастырды.

81 шетел азаматы сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды.

Басты сөздер: Заң, ҚР ІІМ, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай