Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Көлік полицейлері «Мүлдем төзбеушілік» акциясы аясында 14300 адамды жауапқа тартты

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 20:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері «Мүлдем төзбеушілік» акциясы аясында 14300 адамды әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арқалық станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында, атап айтқанда Арқалық қаласының теміржол вокзалының ғимаратында балағат сөздер айтып, адамдардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған 36 жастағы азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Арқалық қалалық соты жоғарыда аталған азаматты әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарып, оны 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

«Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 23-27 қыркүйегі аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акциясы өткізілді. Акция аясында еліміздің көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі нысандарындағы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 14369 адамды әкімшілік жауапқа тартты»,-делінген хабарламада.

Басты сөздер: Қоғам, Заң, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай