Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Көлік полицейлері 15 мың құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

2019 жылдың 22 сәуір 2019 18:44 685

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің басшылығымен ведомствоның 2019 жылғы 1-тоқсандағы жедел-қызметтік жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Департамент басшылығы барлық жеке құрамға Мемлекет басшысының ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойған жаңа міндеттерін егжей-тегжейлі жеткізді. Атап айтқанда, құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және полицияның қоғаммен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру негізгі міндет болып отыр.

КПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов ағымдағы жылдың басынан бері Департаменттің қызмет көрсету учаскесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 653 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін айтты.

Құқық бұзушылықтардың жалпы ашылуы 82,1% құрады.

Қылмыс саны 14,3%-ға, оның ішінде онша ауыр емес қылмыс 27,8%-ға, ауырлығы орташа қылмыс 12,5%-ға, ауыр қылмыс 14,6%-ға, сондай-ақ алаяқтық 25,9%-ға, бөтен мүлікті ұрлау 14,3%-ға және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 10%-ға төмендеген.

Есепті мерзім ішінде 15719 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 540 азамат тартылып, 67 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылған.

Елбасының ұсақ құқықбұзушылыққа, бұзақылық пен мәдениетсіздіктерге «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру бойынша тапсырмасын іске асыру аясында 5693 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 «Жалпы алғанда, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық сипаттағы шаралар Департаменттің қызмет көрсету учаскесіндегі криминогендік жағдай мен жедел жағдайдың тұрақтылығына бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деп түйіндеді баяндамасын Ж. Байкенов.

 Бұған қоса бірқатар желілік бөліністер басшыларының есептері де тыңдалды. Сонымен қатар басқосу барысында кадр саясатын жетілдіру, жеке құрамның қызметтік-жауынгерлік даярлық деңгейін, көлік полицейлерінің тәртіп пен заңдылықты сақтауы, сондай-ақ әрбір полиция бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиынды қорытындылай келе, мекеме басшылығы орын алған кемшіліктерді белгілеп, басшыларға Департаменттің қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

 

 

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай