Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Қол астындағы қызметшілермен ішімдік ішкен шенеунік жұмыстан қуылды

2019 жылдың 17 шілде 2019 15:19 324

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - І жартыжылдықта өңірде жемқорлыққа қатысты 64 қылмыс тіркеліп, облыстық деңгейдегі сегіз басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясы кезінде баяндады.

«Өкінішке орай, тұрғындар мемлекеттік қызметшілер мен түрлі деңгейдегі шенеуніктердің этика нормаларын өрескел бұзғанына шағымдануда. Жақында ғана әдеп жөніндегі комиссия отырысында Успенка ауданы әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті қарастырылып, ол мемлекеттік қызметтен босатылды. Аталған шенеунік қол астындағы қызметшілермен бірге спирттік ішімдіктер ішкен»,- дейді Айдар Тастеміров.

Оның айтуынша, Аққулы ауданында тағы бір шенеунік қызметтік кабинетінде азаматты соққыға жыққан. Артынша кабинеттен шығып, төбелесті жалғастырған. Мұны мемлекеттік орган қызметкерлері мен үшінші тұлғалар көрген. Аталмыш іс тексеріліп жатыр.

Жоғары қарай