Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қоқысқа толы Ақтөбе мәселені тарифті көтеру арқылы шешпек

2019 жылдың 29 тамыз 2019 00:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоқыс шығару компаниялары жұмысын тоқтатып, қаланы тазалау қиындай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласы қоқысқа толып, екі компания жұмысын тоқтатқан болатын. Қала әкімі Мавр Абдуллин мәселе тек тарифті көтеру арқылы ғана шешілетінін айтты.

«Біріншіден, тариф мәселесі. Тұрғындар жан басына 104 теңге төлеп отыр. Бұл аз. Сондықтан екі қоқыс шығаратын компания жұмысын тоқтатып, барлық жұмысты тек бір компания атқарып жүр. Жұмыс күні-түні бақылауға алынды. Бір компания Ресейден техника сатып әкеліп, алдағы айда мәселені шешпекпіз», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Оның айтуынша, тариф келер жылдың басында көтеріледі. Ол кезде қаланы екі компания тазаламақ. Қалалық мәслихат депутаттары тарифті көтеруге келіскен.

«Қаланың қоқысы күнделікті көзге түседі. Өз қаламыздың мұндай жағдайда болғаны ұят», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.


Жоғары қарай