Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Көктөбедегі өрттен кейін Алматыда ауа ластанды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 17:04 85

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыдағы Көктөбе шатқалындағы құрғақ шөптің өртенуіне байланысты, «Казгидромет» РМК қызметкерлері жану көзіне жақын орналасқан аудандардағы 3 нүктеден атмосфералық ауаның сынамасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Казгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

- №1 нүкте Оңдасынов 29,

- № 2 нүкте Омаров 2а,

- № 3 нүкте Диваев 35,

Іріктелген ауа сынамаларында Медеу ауданының №1 (Оңдасынов 29) нүктесінде азот диоксиді бойынша шекті жол берілген шоғырланудан 1,2 ШЖК асып түсуі тіркелді.

Бұл асып кету елеусіз, жоғары ластану 10 ШЖК-дан асқан кезде болады. 20 ШЖК-дан асса экстремалды жоғары ластану болып тіркеледі.

Жалпы, Алматы қаласы бойынша жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ.

11-12 тамыз аралығында Алматы қаласында құрғақ оңтүстік циклонның ықпалында болды және 2-7 м/с әлсіз желмен аз бұлтты ыстық ауа райы сақталды, бұл ауадағы ластаушы заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай