Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Көктөбе бөктеріндегі 250 үйге төнген сел қаупі сейілетін болды – Алматы қаласының әкімі

2019 жылдың 14 қазан 2019 13:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Көктөбенің көшкін қаупі бар аймақтарын нығайту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілдеде Медеу ауданын аралаған кезде Көктөбе тауының көшкін қаупі бар аймағына орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары көмек көрсетуді өтінген еді. Өйткені үйлерге опырылу қаупі төніп, келеңсіз жайт тұрғындарды алаңдатқан болатын. Тамыз айында Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерін бекіту басталған болатын. Жалпы, 60 жеке үй орналасқан 290 метр беткей нығайтылуы тиіс еді», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram -дағы парақшасында.

Оның айтуынша, батыс жақтағы қабырғаны габионнан жасалған жеті метрлік тіреумен нығайту жұмысы аяқталды.

«Шығыс жағын қарашаның соңында бітіреміз, жалпы барлық жұмыстар аяқталады. Осы аймақта орналасқан 250-ге жуық тұрғынның қаупі сейілетін болады»,- деді әкім.







Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкімдік, Алматы,
Жоғары қарай