Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: Ақмола мен Шығыс Қазақстанда күн суытады

2019 жылдың 8 қараша 2019 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 қараша күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

9 қараша Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа және шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетау қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа және шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Жоғары қарай