Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Көкшетаулық білім ұжымы ҚР Президенті сайлауын қолдайды

2019 жылдың 18 сәуір 2019 20:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы 9 маусымда өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдап, үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Университет проректоры Аманай Сейтқасымов айтуынша, еліміз тәуелсіздік алған 27 жылында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Ел экономика дамып, халықтың әлеуметтік жағдай түзелді.

«Қазіргі таңда біздің еліміз бірлігі бекем, экономикасы мығым қуатты мемлекет ретінде дүние жүзіне танылып жатыр. Сондықтан, біздің университет ұжымы ҚР Президенті сайлауының биыл өтуін өте қуанышпен қолдайды», - деді проректор Аманай Сейтқасымов.

Сонымен қатар, конференцияда жоғары білім ордасының оқытушылары Талапкер Уәлиев пен Ақбота Бексейітова жиналғандарға сайлаудың құқықтары мен мәні туралы баяндады.



null

Жалпы конференция соңында университе ұжымы биыл 9 маусымға белгіленген ҚР Президентінің сайлауын қолдап, үндеу жолдады.

Үндеу мәтінінде: «Қазіргі таңда Қазақстан - көп ұлтты, татулық пен бейбітшілік орнап, керемет дамып келе жатқан мемлекет! Бұл мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі деп білеміз, және де біз осы саясаттың жалғасқанын қалаймыз. Сондықтан біз - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы, студенттер Қазақстан Республикасында Президент сайлайуының кезектен тыс өткізілуі, өте орынды орынды шешім деп білеміз», - делінген.




null

Жоғары қарай