Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Көкшетауда топыраққа көміліп қалған адам құтқарылды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 19:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының тұрғыны жеке үйіне су құбырын өткізбекші болып шұңқыр қазған. Алайда қабырға опырылып, ер адам мойнына шейін құм-балшыққа көміліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына 6 құтқарушы барды. Олар ер адамды лай-балшықтан аршып алу үшін жанынан бастап қазды. 20 минуттан кейін шұңқырдағы ер адам сыртқа шығарылды. Құтқарушылар жігітті жедел жәрдем бригадасына тапсырды, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Құтқару жұмыстары кезінде зардап шегушімен психолог жұмыс істеді.

«Жігіт тереңдігі екі метрден асатын, диаметрі 1 метрге жуық шұңқырда мойнына дейін көміліп қалған. Ол осы қалпы 1 сағаттан астам уақыт тұрды. Тұрғындар оны шығарып алуға талпынып, құтқарушыларға уақытылы хабар бермеген. Құтқарушылар жанына бастап қаза бастады. Зардап шегуші аяқтарының ештеңе сезбей жатқанын айтып шағымданды. Оны жылдам шығарып алуға көктемгі лай-балшық, шұңқырдың тереңдігі кедергі келтірді», - деді Ақмола облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Марат Бөрібаев.

Жоғары қарай