Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Көкшетауда такси көлігін айдап әкеткен күдіктілер ұсталды

2019 жылдың 12 қараша 2019 23:26

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда такси көлігін айдап әкеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 10 қарашада түнде сағат 22:30 шамасында болған. «Ваз 2114» автокөлігінің иесінің айтуынша, бейтаныс екі ер адам қорқыту арқылы оның көлігін айдап әкеткен. 31 жастағы көлік иесі келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеге бағаланды.

Белгілі болғандай, күдіктілер такси шақыртып өздері айтқан мекенжайға жеткен. Кейін жүргізушіні қорқыту арқылы көлігін тартып алып, тайып тұрады. Көлік иесі бірден «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабарлайды.

«Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары оқиға болған аумақты қоршап, бейнебақылау камерасының көмегімен көліктің бағытын анықтады. Нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері Қанат Мағаубаев пен Нариман Шаймерденов көліктің Пушкин көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан тауып, күдіктілерді ұстады», - дейді ведомстводан.

Қазір кезде, күдіктілерге қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай