Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Көкшетауда студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті

2019 жылдың 13 сәуір 2019 15:11 855

КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат  - Көкшетауда 50 жұмыс берушінің қатысуымен студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жәрмеңкеге мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, банк саласының, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері тартылды. Жалпы, жәрмеңкеге өңірдегі 50-ден астам жұмыс беруші қатысып, студенттерге бос орындарды ұсынды.

«Бұл шараның басты мақсаты - келешек мамандардың кәсіби икемділігін арттырып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Әсіресе, соңғы курс студенттері үшін тиімді. Олар еңбек нарығындағы жағдаймен танысып, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы біле алады. Сонымен қатар, бұл жәрмеңке мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдары, банк саласындағы жұмыс берушілердің жас, талантты және бәсекеге сай кәсіби мамандарды жұмысқа шақыруына мүмкіндік береді», - дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Гүлмира Евниева.


null 

Департамент өкілдері жастарға мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, тестілеу бағдарламасы мен ережесін түсіндіріп берді. Ал студенттер жұмыс берушілермен жүздесіп, келешек жұмыс орындары туралы сұрап білді.

Жалпы, бұл жолғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне соңғы курста оқитын 925 студент қатысты.



null 

null 

 

 

Жоғары қарай