Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығы аталып өтті

2019 жылдың 11 сәуір 2019 23:16 990

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  -  Көкшетауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» -  ұлт болашағының Темірқазығы» атты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара Көкшетау қалалық кітапханасында «Рухани жаңғыру» залының ашылуымен басталды. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясына өткен шаралар мен халқымыздың Ұлы тұлғалары әскери қолбасшылар мен саяси қайраткерлер Күлтегін,  Сұлтан Бейбарыс, Кенесары және Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Абай Құнанбаев, Естай Мырзахметов сияқты біртуар ұлдарының  портреттері қойылды.

Бұдан бөлек еліміздің археология және тарихы бойынша еңбектер, Тұңғыш Президенттің кітабы, сондай-ақ, қазақ тілі бойынша лингвистикалық әдеби кітаптар ұсынылды.

Шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова, Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова, кітапхана ұжымы қатысты.

«Еліміз үшін айтулы екі оқиғаға байланысты екі залды ашу өскелең ұрпақты тәбиелеуде маңызы зор», деді Көкшетау қаласының құрметті тұрғыны, педагогика саласының ардагері Күләш Темірбекова.

«Кітапханаға қала мектептеріндегі оқушылар келіп, өздерінің шыққан тегі, туған жері мен өлкесі туралы мол мағлұмат алып қана қоймайды, патриоттық тәрбиені де санасына сіңіреді», дейді ол.

Шара «Neke Sarai'y» сарайында жалғасты. Онда шағын этноауылдар ұйымдастырылды. Киіз үйлерде өңірдегі әр ұлт өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын жиналғандарға паш етті.



Шара қонақтарына Көкшетау қаласының әкімдігі мен Аналар кеңесі және Әкелер кеңесі қызықты да, тартымды шара ұйымдастырды.

Шарада «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-і директоры, жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманай Сейітқасымов пен профессоры Шалабай Бердібай, сондай-ақ, жастар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысып, Ақмола облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен оның жалғасы «Ұлы даланың жеті қырында» айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

null 

 

 

 

 

Жоғары қарай