Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Көкшетауда «Намыс» саяси клубының мәжілісі өтті

2019 жылдың 10 сәуір 2019 20:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда биылғы жылдың маусым айының 9-ына белгіленген Президент сайлауына байланысты «Намыс» саяси клубының мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне Қазақстан коммунистік халық партиясы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов кеңінен тоқталып, саяси шешімді қолдайтынын жеткізді. Маңызды оқиғаның айрықша мәні туралы пікірталасқа жиналған жастарға жан-жақты тарқатып айтып берді.

«Алдымыздағы Президент сайлауынан соң Елбасы іргесін қалап берген жасампаз істер жалғасын таппақ. Болашақ ел тағдырын шешетін тұлға жастар үшін барынша жағымды жаңалықтарды, жақсылыққа толы бастамаларды жалғастырады деп сенеміз», - деді Бейсенбай Мәжитов.



null

Ал, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматулина жастарды еңбекпен қамту мәселелері қаншалықты жүзеге асып жатқанына тоқталды.

Оның сөзінше, өңірімізде «тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылдағы көрсеткіш бойынша бізде жастардың арасында жұмыссыздық азайып келеді. Соңғы үш жылда 2 мыңнан астам адам шағын несие алған, оның ішінде 190 адам немесе 10 пайызы жастар.



null

Осы орайда, облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ісі жөніндегі бөлімінің жетекшісі Дамир Іргебаев Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына жоғары баға берді. Әсіресе, биылғы жылдың Жастар жылы аталуының маңызына тоқталды. Осы орайда Жастар жылы ішінде облыс орталығында студент жастарға арналған бірнеше жатақхана салу көзделуде. Жатақханалар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, А.Мырзахметов атындағы университете, сондай-ақ, төрт колледжде салынбақ.

«Бағдарлама аясында Көкшетау қаласында 424 жас отбасы үшін 6 көп қабатты тұрғын үй бой көтеретін болады. Бұл бағдарламаның артықшылығы, пәтер құнының төмендігі. Жастарға жасалып жатқан жақсылық аз емес, облыста «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы белсенді жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде 500-ден астам адам баспана мәселесін шешті. Бұл Тұңғыш Президентіміздің бес әлеуметтік бастамасының шарапаты», деді Дамир Іргебаев.



null

Сонымен қатар, болашақ ел тағдырын шешетін тұлға жастар үшін барынша жағымды жаңалықтарды, жақсылыққа толы бастамаларды жалғастырады деп сенеміз деген пікірлер де айтылды.

Жоғары қарай