Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» фестивалі өтті

2019 жылдың 3 сәуір 2019 21:12

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай-2019» облыстық фестивалі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқау бұл жолы Жастар жылына арналды. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының «Инклюзивті білім беруді дамыту» бағытын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған байқауға облыстың әр өңірінен келген мүмкіндігі шектеулі 65 жас дарын қатысып, бақ сынады.

Хореография, вокал, аспаппен ән шырқау және ым-ишарамен ән айту тәрізді төрт аталым бойынша өткен байқаудың қорытындысына сай таңдаулылар республикалық кезеңге, яғни, гала-концертке қатысатын болады.


null


null

Байқау қатысушыларының барлығы дерлік аймақтағы жалпы және орта арнайы мектептерде оқитын тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық даму деңгейі тежелген, есту және көру қабілеттерінен айырылған мүгедек балалар.

Айта кетейік, 13 жылдық тарихы бар «Жұлдызай» фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңдаған бала қатысқан. Жоба нәтижесіне сай көптеген балалар еліміздің жоғары оқу орындарында шығармашылықтарын жалғастырды.




null

Жоғары қарай