Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Көкшетауда магистратураға емтихан кезінде заңбұзушылық анықталды

2019 жылдың 10 тамыз 2019 15:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында магистратураға емтихан тапсыру кезінде заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, грант тағайындаудың ашықтығын көтеру мақсатында тестілеуден өту кезінде құзыреттілік органдар мен қоғам өкілдерін байқаушы ретінде қатысуын қамтамасыз етті.

Ақмола облысында тамыздың 10- 14 аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында кешенді тестілеу өткізілуде.

Бүгінгі күні ұйымдастырушылар және студенттер тарапыннан заңбұзушылыққа, студенттердің рұқсат етілмеген заттарды (смартфон, шпаргалка) қолданбауына, бөгде адамдардың эмтиханға қатыспауына және эмтихан кітапшаларының сыртқа алып шығуға жол бермеу мақсатында байқаушы ретінде Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері, «Ақмола - адалдық жолы» және өзге де қоғам өкілдері тартылуда. Байқаушылар тестілеу залдарында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы тестілеу процессін онлайн режимде бақылап отырады.




«Мониторинг барысында тестілеу басталған алғашқы сағаттарда мультимедиялық жабдықты жылжыту қатысты бірқатар оқиғасы анықталды. Талапкерлердің заңсыз смартфон қолдағанып, үшінші адамға ақпарат жолдады. Осыған байланысты министрлік өкілдері мен тәуелсіз байқаушылар тарапынан ескерту жасалды.

«Егер осындай заңбұзушылықтар екінші рет анықталса, онда заңбұзушылар тестілеу орнынан шығарылады. Барлық нәтижелер нөлге теңестіріледі», - деп атап өтті ҚР Білім және министрлігінің өкілдері.

Айта кету керек, алғашқы топта 46 студент емтихан тапсырды. Ал, жалпы, тестілеуге барлығы 535 үміткер қатысады.

«Мұндай жағдайдың орын алуы тестілеу тәртібін бұзбай, адал еңбектенген талапкерлер үшін әділ емес», дейді қоғам өкілі, «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова.


Жоғары қарай