Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Көкшетауда көрнекті қоғам қайраткерінің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 18:07

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысының құрметті азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Чапай Әбутәліповтың туғанына 80 жыл толуына орай конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чапай Мүтәллапұлы 2016 жылы дүниеден озды. Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, туған туыстары, жақын достары және бұрынғы әріптестері қатысты.

«Біз бүгін көрнекті мемлекет қайраткері, жұртшылық арасында зор беделге ие, есімі елге танымал, туған елін жанындай сүйіп, өлшеусіз еңбек еткен ағамызды еске алуға жиналып отырмыз. Чапай Мүтәллапұлының адами және кәсіби беделі әрқашанда жоғары. Бар ғұмырын ел дамуына арнап, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге, тәуелсіздікті нығайтуға үлкен үлес қосты», – деді Ермек Маржықпаев.




Аймақ басшысы өз сөзінде, жақын уақытта облыс орталығындағы көшелердің біріне Чапай Әбутәліповтың есімі берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев, Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев Чапай Мүтәлләпұлы жайлы өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, курстас досы Болатхан Ермекбаев сонау студенттік шақтары жайлы естелігімен бөлісті.




Конференция соңында қатысушыларға Чапай Әбутәліпов жайлы түсірілген бейнебаян ұсынылды.

Осы күні Чапай Мүтәлләпұлы тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды.

Жоғары қарай