Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Көкшетауда қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

2019 жылдың 4 қазан 2019 21:54

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Халықаралық қарттар күніне орай қазыналы қарияларға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарттарға қамқорлық жасаудағы сайлауалды бағдарламасындағы міндеттеріне тоқтала келе, бүгінгі жарқын тарихтың жасампаз беттерін жазуға соғыс ардагерлері мен мүгедектері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер өз заманында айрықша үлес қосқанын атап өтті.

«Жыл сайын біз халықаралық қарттар күнін атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Ел дамуына сүбелі үлес қосып, өскелең ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмай, үлгі-өнеге көрсетіп отырған қарттарды кұрметтеу - басты парызымыз», - деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.




Шарада бір топ қария Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, қазір облыста жүз мыңнан астам қария бар, оның ішінде 43-ші – соғыс ардагері. Ардагерлер тың игеру науқанына да белсене қатысып, ерен еңбектің үлгісін көрсете алды. Сол үшін бүгінгі ұрпақ оларға әрдайым бас иеді.

Салтанатты жиында облыс әкімі Ермек Маржықпаев қарттарға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, баянды бақыт тіледі.

Шара мерекелік концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.










Жоғары қарай