Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Көкшетауда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған конференция өтті

2019 жылдың 5 сәуір 2019 22:08 1005

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда геологтар күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына және Геолог күніне арналған конференцияға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгінгі шара Қазақстан ғылымының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқаны өте орынды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында еліміздің дамуы мен гүлденуіне белсенді атсалысқан адамдар ұмытылмауы тиіс деп атап өткен болатын. Белгілі тұлғалардың ортасына Қаныш Сәтпаев та кіреді. Бүгінгі таңда бұл жай ғана есім емес, еліміздің шикізаттық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанға, оның экономикасына, халық шаруашылығына қызмет етіп жатқан геологияның бүтін ғасыры деп сеніммен айта аламыз»,-деп атап өтті Марат Иғалиев.


null 

Конференцияда сала еңбеккерлері төсбелгі, ҚР Индустрия және инфрақұрлымды дамыту министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. 

Шараға қатысушылар Қаныш Сәтбаевтың ескерткіш мүсініне гүл шоғын қойды.

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Ғылым,
Жоғары қарай