Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Көкшетауда елорданың Нұр-Сұлтан аталуына орай концерт өтті

2019 жылдың 25 наурыз 2019 20:18 700

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 3 мың адамның қатысуымен елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуына байланысты концерттік бағдарлама өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бурабай» спорт сарайының алдында ұйымдастырылған шарада жергілікті шығармашылық ұжымдар өнерлерін ортаға салса, спортшылар мен зиялы қауім өкілдері жүрек жарды тілектерін білдірді.

Шарада Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекішев, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Хәкім Хасамбай, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 4-ші курс студенті Құрманбек Әділет, Самбодан халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Ақмола облысы «Ақмола барысының» бірнеше дүркін чемпионы, самбо күресінен әлем чемпионатының жүлдегері және Азия чемпионы, самбо күресінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Нұрлан Жамалов, Дүниежүзiлiк көшпендiлер ойындарының жүлдегері Леонид Станеев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы салып, әлемге танытқан еңбегін жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.



null

«Мен елордаға Елбасының есімін беру шешімін қолдаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы бізге Тәуелсіздік сыйлаған, жас мемлекет құрған және оны бар әлемге паш еткен Ұлт көшбасшысы, сондай-ақ Еуразияның жүрегіне іргетасын қалаған елорданың авторы. Сол себепті елордамызға «Нұр-Сұлтан» атауын беруге Тұңғыш Президентіміз әбден лайық және өскелең ұрпаққа есімі өшпес мұра болады деп ойлаймын. Елбасының отандық спортқа деген ықыласы мен қолдауының арқасында елімізде спорт саласы қарқынды дамуда. Оған халықаралық жарыстарды отандастарымыздың жеңіс тұғырынан көрініп жүргені айқын дәлел болады», деп атап өтті Нұрлан Жамалов.



null

Сонымен қатар, Ләззат Ыдырысова және Фархат Сағымбаев, «Достар» квартеті, «Шамшырақ» дуэттері сияқты таланты әншілер мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалауға жиналған халықтың қарасы көп болып, көпшілік ортасына шыққан әр өнерпазға қошемет-қолдау көрсетіп, шабытын шалқытып, арқаландырғандай.



null

Елбасы мен елімізді, махаббат пен сұлулықты жырына қосқан өнерпаздардың концертік бағдарламасы баурысақ тарату шарасымен жалғасын тапты. Шараға жиналған 3 мыңнан астам көкшетаулық жас таланттардың өнеріне куә болды. Олардың қатарында республикалық, халықаралық байқауларға қатысқан дарынды өрендер бар. Шараның соңында жиналғандар бір адамдай көкшетаулық «Арланның» нұр-сұлтандық «Номад» хоккейшілерінің  арасындағы плей-офт кездесуін тамашалады.



null

 

Жоғары қарай