Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 344.58
EUR 400.51
RUB 5.47
CNY 51.30

Ақмола облысында дүкенге кеткен қарияға іздеу жарияланды

2018 жылдың 17 сәуір 2018 17:30 1461

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дүкеннен нан алып келуге кеткен қария із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, Несіп Қадырқызы Рахимова 1941 жылы туған. Сәуірдің 16-ы күні сағат 15:00-дер шамасында нан сатып алу үшін дүкенге кетіп, кейін қайтып оралмаған.

«Қарияның бойы 150-155 сантимметр, дене бітімі арықша келген. Үстіне жүннен тоқылған сұр түсті күртеше киген, басында ормалы бар. Қарияны көрген адамдар болса 871651250002, 25823 телефон нөмірлері арқылы хабарласуына болады», деп көрсетілген хабарламада.

 

 

 

Автор: Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай