Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 335.05
EUR 395.12
RUB 5.66
CNY 50.64

Көкшетау көшелеріне билердің есімдері берілмек

2017 жылдың 22 қараша 2017 14:14 563

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында Байдалы би, Әлдебек би, Бапан би және Саққұлақ билердің есімдерімен көше атаулары өзгертіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Көкшетау қаласының әкімдігінде қала көшелерінің атауларын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Оған облыс судьялары, Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің өкілдері мен сот жүйесінің ардагерлері белсенді түрде қатысты. 

Қоғамдық тыңдауға қаланың құрметті азаматтары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, журналистер, Қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар және жастар ұйымының өкілдері шақырылды.

«Қоғамдық тыңдауда Ақмола облысының сот жүйесінің, Көкшетау қаласының төрт көшесіне Ақмола өңірінде өмір сүрген билердің есімдері, атап айтқанда, Западная көшесіне - Байдалы би,  Восточная көшесіне - Әлдебек би, Новоселов көшесіне - Бапан би және Заводская көшесіне Саққұлақ бидің есімдерін беруге ұсыныстар қаралды.  Қоғам белсенділері аталған ұсыныстарды қолдап, депутаттар көше атауларын ауыстыруды бірауыздан қолдады», - деп көрсетілген хабарламада.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының сот жүйесімен өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, қазақ халқының тарихи тұлғаларының есімдерімен ескірген әкімшілік объектілердің атауларын өзгерту мақсатында, өңірдегі әкімшілік ғимараттар және географиялық объектілердің атауларын өзгерту бойынша жұмыс жалғасатын болады. 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай