Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Кісі өлтірген қостанайлыққа үкім кесілді

2019 жылдың 22 сәуір 2019 22:55 690

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Кісі өлтірген Қостанай қаласының тұрғыны 9 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректерінде көрсетілгендей, ағайынды А. мен Г. ішімдік ішіп, көршісі К.-ның үйіне барады. Бұларға ортақ таныстары Б. қосылып, отырысты жалғастырады.

«Г. мен Б. ішімдік алып келу үшін дүкенге шыққан. Олардың арасында жанжал туындап, Б. Г.-ға соққы жұмсайды. Мұны көрген А. інісін қорғамақ болып, Б.-ның қолындағы пышақты жұлып алып, оның денесіне үш рет сұққан. Жәбірленуші жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ағайындылар мүрдені жасыру үшін көлікжайдан тысқары шығарып тастады. Пышақты әкелерінің үйіне жасырған», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты А.-ны ҚК 99-бабы, 1-бөлімімен 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейді.

 

 

Жоғары қарай