Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Кинотеатрларға автоматтандырылған «бірыңғай кинобилет» жүйесі қашан енгізіледі

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 16:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл қазақстандық кинотеатрларға автоматтандырылған «бірыңғай кинобилет» жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы Гүлнәр Сәрсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл біз фильмдерге мониторинг жүргізетін бірыңғай автоматтандырылған жүйені, яғни «бірыңғай кинобилет» енгіземіз. Бұл жүйе көптеген елдерде жұмыс істейді. Әрине, қазір көптеген кинотеатрлар наразылықтарын білдіреді, бірақ соған қарамастан іске қосамыз. Бұған мен уәде беремін, өйтпесек құрдымға кетеміз», – деді Гүлнәр Сәрсенова.

Оның айтуынша, егер мұндай жүйе Қазақстанда енгізілмесе, онда кинотеатрлар құлдырауға ұшырап, он жылға артта қалатын болады.

«Жүйе қажет. Кинематографияның ашықтығы, инвесторлар үшін керек. Қазір Қазақстандағы фильмдердің тек 20% ғана мемлекет ақшасымен қалған 80% жеке инвестиция тарту арқылы түсіріледі. Киноға қаржы салғысы келетін көптеген кәсіпкерлер кино нарығының ашықтығына назар аударады. Ешкім оларды алдамайтынына көз жеткізулері тиіс. Бір жағынан бізде фильмдерден түсетін табыс өсіп жатыр. Қазір елімізде осы кино саласынан түскен қаражат 20 млрд теңгеге жетті және ол әрі қарай өсе береді», - деп қортындылады Гүлнәр Сәрсенова.


Жоғары қарай