Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Киік ату фактілері толастамай тұр - Сапархан Омаров

2019 жылдың 18 маусым 2019 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтып берді.

«Қазіргі уақытта киік ату фактілері тоқтамай тұр. 2018 жылы 77 браконьерлік фактісі анықталып, 500 киіктің мүйізі тәркіленді. Министрлік Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда браконьерлікпен күрес жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жедел іс-шаралар көзделген», - деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.



null

Министрдің айтуынша, 2017 жылы киіктер саны - 152 мың болса, 2018 жылы - 215 мыңға жетіп, олардың өсімі 41%-ды құраған.

Сонымен бірге, ормандарды ұлғайту мақсатында министрлік облыс әкімдерімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі қадамдық жоспарларды бекіткен. 2018 жылы 52,7 мың гектарға көшет отырғызылған.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Алматы облысында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылған. Осылайша, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумағының алаңы 24,7 млн гектарға немесе ел ауданының 9%-на жеткен.




null

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Экология, ҚР АШМ,
Жоғары қарай