Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

ҚХЛ: «Барыс» «Автомобилист» командасынан басым түсті

2019 жылдың 19 қараша 2019 21:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» соңғы жеті кездесуде сәтсіз ойын көрсетті. Жеті ойынның алтауында қарсыласына есе жіберіп қойды. Сондықтан елордалық клуб бүгін жеңіске жету жолында бар күшін салатыны анық болатын.

Десе де есепті алғаш болып ресейлік клуб ашты. Олардың қатарынан 9-минутта Питер Холланд мергендік танытты. Бұдан кейін қазақстандық хоккейшілер қанша шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде де елордалық хоккейшілер алға ұмтылды. Алайда біразға дейін қарсыластарын қапы қалдыра алған жоқ. Ал 29-минутта «Барыс» хоккейшісі Дмитрий Шевченко таразы басын теңестірді.

Үшінші кезең басталғаннан кейін «Автомобилист» тағы да алға шықты. Бұл жолы Найджел Доустың қанжығасын майланды. Найджел Доус былтыр елордалық команда намысын қорғаған болатын. Ал 45-минутта «Барыс» сапына жақында ғана қосылған Линус Виддель таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қос команда ойыншылары ашық шабуылға шықты. Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Даррен Диц соққан гол «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Бүгінгі ойыннан кейін елордалық клуб жалпы турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді. Ал шығыс конференциясында төртінші, Чернышев дивизионында үшінші орынға жайғасты.

«Барыс» енді екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 22 қарашада Ресейдің «Ак барс» (Қазан), одан кейін «Амур» (Хабаровск) командаларын қабылдайды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай