Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

ҚХЛ: «Барыс» «Амурды» жеңді

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордалық «Барыс» командасы Хабаровскінің «Амур» клубымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда биыл бұған дейін бір мәрте кездесті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойында «Барыс» 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» қазірге дейін барлығы төрт кездесу өткізді. Қазақстандық хоккейшілер екі мәрте жеңіске жетіп, екеуінде қарсыластарына есе жіберді.

Бүгінгі кездесуде есепті алғаш болып айдын иелері ашты. «Амур» сапынан 21-минутта Игорь Руденков қанжығасын майлады. Дегенмен «Барыс» хоккейшілері де қарап қалған жоқ. Нәтижесінде 27-минутта елордалық хоккейші Роман Старченко таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қос команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді.

Үшінші кезеңде қо команда да алға ұмтылған еді. Елордалық хоккейшілер тағы бір гол салды. Оны 55-минутта Эрик Тангэди өзенің еншісіне жазды. Ал 59-минутта елордалық Никита Михайлис «Барыстың» бүгінгі кездесудегі үшінші голының авторы атанды. Осылайша «Барыс» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» ендігі бір ойынын сыртта өткізеді. Елордалық клуб 13 қыркүйекте Владивосткота «Адмиралмен» ойнайды. Одан кейін 17 қыркүйекте Алматы қаласында Ресейдің «Спартак», 20 қыркүйекте Челябінің «Трактор» командаларын қабылдайды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай