Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

КХДР «жаңа қаруды» сынақтан өткізгенін растады

2019 жылдың 17 тамыз 2019 15:09

СЕУЛ – Yonhap - НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні КХДР жұмада ұшырылғанын зымырандар «жаңа қаруды» сынақтан өткізу екенін растады. Пхеньян сынақтар Ким Чен Ынның басшылығында іске асырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

«Ким Чен Ын жұма таңында тағы да жаңа қаруды сынақтан өткізді», - делінген Корея Орталық ақпарат агенттігінің мәлімдемесінде.

«Біздің елдің қорғаныс саласындағы мақсаты – бізді арандатуға ешкімнің батылы бармауы үшін жеңілмейтін әскери әлеуетке ие болу», - деген Ким Чен Ынның сөзін келтіреді агенттік.





Дегенмен агенттік жаңа қару туралы бірде-бір ақпарат бермеді, тіпті атын да атаған жоқ.

Оңтүстік Корея Жапон теңізіне жақын қашықтыққа атылатын баллистикалық зымыранға ұқсайтын снарядтар ұшырылғанын хабарлаған соң, араға бір күн салып Солтүстік Корея мұны растап отыр.

Әскери сарапшылардың айтуынша, снарядтар АҚШ-тың тактикалық армиялық зымыран жүйесіне ұқсас.

КХДР жаңалық агенттіктері жариялаған фотосуреттерде зымырандардың Шығыс теңіздегі шағын аралдағы нысананы жойып жатқаны көрсетілген.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай