Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 340.27
EUR 396.31
RUB 5.39
CNY 52.39

ҚФФ Бородюкті қызметінен босатты

2018 жылдың 14 қаңтар 2018 13:25 1365

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футбол федерациясы ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюкпен келісімшартты тоқтатты, бірақ бұл жайлы ресми мәлімдеме жасауға асықпай отыр, деп хабарлайды «Спортинформ» САА тілшісі.

Бородюк бұдан бірнеше күн бұрын қызметінен босатылған, бірақ федерация басшылығы бұл ақпаратты жариялауға асықпай отыр. Еліміз футболының бас органы осы ақпаратты жұртшылыққа қандай формада жеткізу жағын ойластырып жатқан болар. Жуық арада «Бородюк отбасы жағдайына байланысты қызметінен кетті» немесе «Нәтиже көрсете алмауына байланысты босатылды» деген ақпараттар таралуы мүмкін. Әрине, әу баста ресейлік маманның алдына ешқандай турнирлік міндеттемелер қойылмағаны, тек ұрпақтар алмасуын жүргізіп, құрама команданы келесі іріктеу кезеңіне дайындау талап етілгені белгілі.

Бородюктің Қазақстан құрамасындағы тағдыры желтоқсан айының соңында, оны құрамаға шақыруға бастамашыл болған федерацияның бұрынғы бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметтен кетуге өтініш берген кезде-ақ белгілі болған. Оның орнына келген Азамат Айтқожин ресейлік маманның еңбек демалысынан келуін күтетінін айтқан болатын.

Айта кетелік, А. Бородюктің келісімшарты 2019 жылдың аяғына дейінгі мерзімді көздейді. Егер ҚФФ оны өз бастамасымен бұзатын болса, бапкерге айтарлықтай мөлшерде өтемақы төленеді.

 

 

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай