Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Кемеңгер еліміз өз президентін сайлауда бұл жолы да қателеспейді - Мархабат Байғұт

2019 жылдың 9 сәуір 2019 19:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Мархабат Байғұт кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы болды. Оның ішінде Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімін көпшілік әділ деп бағалады. Неге десеңіз, ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, бағытымызды айқындауда бұл өзгерістің орны ерек. Мінекей, Президент сайлауын кезекті рет өткізу мәлімдемесі де жарияланды. Біз болашағымызды айқындарда өткенімізге қарауды ұмытпаған елміз. Тәуелсіздік бізге қандай жеңісімен келді? Әлем алдындағы асқақ беделіміз бен еңселі экономикамызды айтпағанның өзінде қазақ руханияты үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Оның ішінде, күллі адамзат, бүкіл дүние жүзінің өркениетті қауымы, барша ел назар аударарлықтай әлемдік деңгейдегі, парасаттың шырқау биігіндегі пайымдар ортаға салынды. Нақты ғылыми деректерге сүйеніп, жаһандық тарихтағы Ұлы Дала елінің, қазақ ұлтының, Қазақстан Республикасының орны мен рөлі жан-жақты айқындалды. Бүкіл байтағымыздың рухани жаңғыру барысында алдағы уақытта нелерді және қалай жүзеге асыру керектігінің тағлымды тұжырымдамасы жасалды. Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру арқылы күллі түркі жұртының туын төрімізге тікті. Оның болашағы, Әл-Фараби мен Ахмет Ясауи бабаларымыз, батырлар жыры, қызғалдақ пен сиверс алмасына дейін айрықша мән берілуі қаламгерлерге қанат бітіреді», - деп атап өтті жазушы.

Оның айтуынша, осындай жарқын кезеңдерді бастан кешіріп отырған еліміз алдағы сайлаудан мол үміт, келісті келешек күтеді.

«Ол үшін ауызбірлік қағидасы ауадай қажет. Кемеңгер еліміз өз президентін сайлауда бұл жолы да қателеспейді деп ойлаймыз», - дейді жазушы.

Жоғары қарай