Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Келесте «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі» атты жиын өтті

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 09:18

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі» атты жиын өтті. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған шараға тіл жанашырлары мен жергілікті тұрғындар, ұстаздар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тіл саясатының жүзеге асырылуы мен қол жеткізген маңызды жетістіктер талқыланған басқосуда латын әліпбиіне көшудің маңызы мен оны одан әрі халық арасында насихаттау жолдары сөз болды. Тілдің бүгіні мен келешегі жайында терең ой-пікірлер ортаға салынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында қызу пікірталас туындап, көтерілген мәселенің мәнісі жан-жақты талқыланды. Тілдер орталығы ұлт тілінде іс қарауды дамытудың қажеттілігін және маңыздылығын, оған ықпал етудің жолдарын ұсынды.

Тіл жанашырлары мемлекеттік тілдің өзекті мәселерін көтеруге тілдер орталығының бастамашы болып, шара өткізіп отырғанына ризашылықтарын шынайы білдірді.

Айта кетейік, мұндай басқосулар ауданның өзге де ауылдық округтерінде ұйымдастырылып, тіл мәртебесін көтеру мәселесі көтерілді.

Жоғары қарай