Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Келесі жолы өзімен бірге К-pop әртістерін алып келемін - Ким Чжон Сук

2019 жылдың 22 сәуір 2019 19:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Корея президенті Мун Чжэ Инның жұбайы, осы елдің бірінші xанымы Ким Чжон Сук Назарбаев университетін аралап, студент жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ким Чжон Сукқа алдымен университетте құрылған К-pop клубына мүше жастар өз өнерін көрсетті. Клуб жетекшісі Айым Дауылбекованың айтуынша, биыл клубтың құрылғанына бес жыл толып отыр. Осыған орай, концерт те ұйымдастырылған болатын. Ал Кореяның мәдени орталығы қолдау жасап отырады.

«Бүгінде біздің клубымызға 45 адам кіреді. Барлығы - Назарбаев университетінің студенттері. Магистранттар да бар. Аптасына төрт рет жаттығып отырамыз. Алайда концерттердің алдында күнде дайындаламыз. Ресми атауымыз - «NU Kpop cover dance club». Ал топтың атауы - «Yeoboseyo». Осы атпен сан алуан байқауларға қатысамыз. Бұған дейін тек университет аясында ғана өнер көрсеттік. Ал былтыр Чанвон фестиваліне қатыстық. Биыл да шақырып жатыр»- деді А.Дауылбекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.



null

Кореяның бірінші xанымына «Yeoboseyo» тобының өнері ұнап қалды. Тіпті, өзімен бірге танымал К-pop әртістерін алып келмегеніне де өкініп қалды. «Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. К-pop өнерін ұнататындарыңыз биден көрініп тұр. Сол үшін алғысымды айтамын. Өзімен бірге Кореяның танымал К-pop бишілерін алып келу керек еді. Өкінішке қарай, шықпай қалды. Сол үшін кешірім сұраймын. Келесі жолы міндетті түрде алып келуге тырысамын», - деп атап көрсетті Ким Чжон Сук.



null

Бұдан бөлек, Кореяның бірінші xанымы Назарбаев университетінің кітапxанасында ашылған корей кітаптарының бұрышымен танысып, университетте жұмыс істейтін осы елдің оқытушыларымен әңгімелесті.




null


null


null


null


null


null

Жоғары қарай