Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Келес ауданының тұрғындарына медициналық сақтандырудың жолдары түсіндірілді

2019 жылдың 15 қараша 2019 02:54

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданы тұрғындарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді түсіндіру бойынша жиын өтті. Мәжіліске әлеуметтік медицина сақтандыру қоры Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев пен Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова, Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев пен аудандық білім беру ұйымдарының басшылары және қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көрсетілген жаңа сақтандыру жүйесінің ерекшеліктері жиында кеңінен сөз болды. Ақпараттық түсіндіру жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев баяндама жасады. Жаңа жүйенің артықшылықтары мен тиімді тұстарын Түркістан қалалық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанова кеңінен түсіндіріп өтті. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар жолданып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық топ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Жоғары қарай