Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 325.75
EUR 382.04
RUB 5.31
CNY 51.04

ҚазҰУ-да Пан Ги Мун атындағы институт ашылды

2018 жылдың 17 мамыр 2018 19:46 463

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана экономикалық форумының (АЭФ) алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтын ашты. Аталған шешім университеттің тұрақты даму саласындағы көшбасшылық қызметінің нәтижесі негізінде жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АЭФ іс-шаралары шеңберінде ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов халықаралық академиялық қауымдастыққа Тұрақты даму институтының тұжырымдамасы мен қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды. Ол Пан Ги Мунның Бас хатшы лауазымындағы белсенді жұмысының арқасында БҰҰ-ның ғаламдық жобалары алға тартылды - БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы, тұрақты энергетика және басқа да бағдарламалар, сондай-ақ Адамзаттың тұрақты дамуының мақсаттары айқындалғанын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының мүшесі болып, одан кейін ұжымның он ғаламдық хабының біріне айналды, сондай-ақ көптеген халықаралық алаңдарда, оның ішінде «G-Global» платформасында, орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосты.

«ҚазҰУ-дың жаһандық хабты басқарудағы қызметіне БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасын құрудың идеялық негізін салушы БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун үлкен қолдау көрсетуде. Біз көрсетілген көмегі үшін және де Институтқа өз атын беруге келісім бергені үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Бұл біз үшін үлкен құрмет, әрі жауапкершілік», - деп атап өтті ректор Ғалым Мұтанов.


null

«Мен үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сынды университетпен бірлесіп жұмыс істеу үлкен құрмет. Тұрақты даму мәселелері бойынша академиялық қауымдастықтың әлемдік үйлестірушісі ретіндегі оның озық тәжірибелері БҰҰ тарапынан сұранысқа ие әрі жоғары бағаланады. Жоғары оқу орны БҰҰ-ның мыңжылдықтағы сынақтарға қарсы бағытталған бастамаларын насихаттауда танылған көшбасшы болып табылады. Әлемдік хабты басқару бойынша университет құзіретінің 2020 жылға дейін созылуы БҰҰ-ның үлкен сенімінің көрсеткіші», - деді Пан Ги Мун.


null

Сонымен бірге, бұл бүкіл Қазақстанның жетістігі және мемлекет пен оның ұлттық университетінің әлемдік беделінің артқанын тағы да растайды. Кездесу барысында ректор Ғалым Мұтанов пен Пан Ги Мун ынтымақтастықты дамыту және ҚазҰУ-дың Тұрақты даму институтының қызметін насихаттау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы Ниет-хатына қол қойды.

«Біз Қазақстанда, жетекші университетте - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тұрақты даму институтының ашылғанына қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз адамзаттың әлемдік мәселелерін шешуде БҰҰ мен халықаралық қауымдастық мүдделерін толық қанағаттандыратын жаңа сапалы жоғары деңгейге көтерілуде», - деді  Ёнсе университетінің Жаһандық қатысу және құқық пен өкілеттіктерді арттыру институтының бас директоры Мёнгсей Сон.



null

 

 

Жоғары қарай