Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

«Қазмедиа» алдында газ баллонын жармақ болған азамат жауапкершілікке тартылды

2019 жылдың 22 ақпан 2019 10:46 1031

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығы алдында газ баллонын жармақ болған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында Астана қаласы Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордалық полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 19 ақпанда «Қазмедиа» орталығы ғимаратының алдында Жамбыл облысының тұрғынын газ баллонмен ұстады. Ұсталған адамның мәселелері Жамбыл облысы әкімдігінің құзыретіне жататыны анықталды», - деді департаменттен.

Ведомствоның мәліметінше, қоғамдық тәртіп бұзушыны ұстағаннан кейін профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

«Қазіргі кезде ұсталған азамат ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша «ұсақ бұзақылық» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысының әкімдігі құқыққа қайшы әрекеттің туындауына себеп болған мән-жайлардың барлығын қарастыратын болады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, 20 ақпанда «Қазмедиа орталығының» алдында газ балонын жармақ болған жігіт ұсталған еді.  

 

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай