Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қажымұқан атындағы жүлде: ҚазАқпарат қызметкері «Үздік меншікті тілші» атанды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 20:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлдемен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмола облысының спорт тарландары» облыстық спорт форумы өтіп, онда ең үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, облыстық спорт мекемелерінің басшылары және спорт журналистері жыл қорытындысы бойынша Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлде және арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Шара басталмас бұрын жиналғандар спорттық жетістіктер паш етілген көрмені тамашалады. Сонымен қатар, әлемдік, халықаралық және республиалық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің көк туын желбіреткен ақмолалық спортшылар туралы бейнефильм ұсынылды.

Жыл қорытындысы бойынша 2018 жылдың ең үздік спортшысы ретінде семсерлесуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жазғы Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Алексанин, «2018 жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымы бойынша бокстан Қазақстан Республикасының жаттықтырушысы Александр Высоцкий лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев марапаттады.



null



null


null

«Жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген спорт саласының өкілдерін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы сыйлықпен марапаттау дәстүрге айналып отыр. Барлық спорттық жетістіктер қоғамдық ұйымдардың, жаттықтырушылар мен спортшылардың ерен еңбегі», - деді аймақ басшысы.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлде мен ақшалай сыйлықтар халықаралық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанған 30-дан астам спортшы мен спорт тақырыбын жазатын БАҚ өкілдеріне тапсырылды. Оның ішінде «ҚазАқпарат» ХАА агенттігінің қызметкері Аслан Оспанов «Үздік меншікті тілші» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, БАҚ, Ақмола облысы,
Жоғары қарай