Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қажылыққа аттанған мыңға жуық қазақстандық Меккеге жетті

2019 жылдың 2 тамыз 2019 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың қажылық миссиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның атынан келіп отырған соң артта қалған бүкіл ел бізге қарайды. Бұл - жауапкершілігі мол жұмыс. Қажылық оңай емес. Әрбір сапар сынаққа толы болатыны рас. Ендігі міндет - өзімізге жүктелген істі абыроймен атқарып шығу. Қажылардың құлшылық амалдарын жеңіл әрі қиындықсыз атқаруына барымызды саламыз», - дейді Қазақстанның қажылық миссиясының төрағасы, наиб-мүфти Алау Әділбаев.




Қажылық сапардың алғашқы отырысында миссия төрағасы қажылықтың жұмыс жоспарын бекітіп, ұйымдастыру мәселесін сөз етті.

«Елімізден келген қажыларымыздың денсаулығы, қауіпсіздігі де миссияның бақылауында болмақ. Өз кезегінде миссия өкілдері қажылық компаниялардың жұмысын бақылап, сапасын арттыруға күш салады», - деді ол.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегіне сүйенсек, бүгінде Қазақстаннан Сауд Арабиясына 5 рейс жетіп, 969 қазақстандықтың қасиетті Меккеге табаны тиді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың алғашқы легі қажылық сапарға аттанған болатын.











Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Қоғам, Дін,
Жоғары қарай