Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қазгидромет: Бүгін республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

2019 жылдың 14 шілде 2019 09:27 174

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шілденің 14-і күні республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағана, Қазақстанның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және шығыс бөлігінің кей жерлерінде ғана атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында түнде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар бөліктерінде күн қатты ысиды.

Қызылорда, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі үдей түседі.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай