Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазгидромет БҚО-да өрт қаупі күшейетінін ескертті

2019 жылдың 19 маусым 2019 19:03

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өрт қаупінің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 20 маусымнан бастап күннің жауын-шашынсыз болып, қатты ысуына байланысты өңірде V дәрежелі төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Мұндай кезде өрт жоғары температураның әсерімен кез келген от көздерінен пайда болады. От тез тұтанып, әп-сәтте жайылуы ықтимал.

Осыған байланысты, БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау және өмірлік маңызы зор нысандар қызметін, электр мен байланыс желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.

Жоғары қарай