Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

«Қазцинк» өз қызметкерлері мен олардың отбасыларына 100 мың дана қорғаныс маскасын таратпақ

2020 жылдың 31 наурыз 2020 14:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Қазцинк» ЖШС төтенше жағдайға орай бірқатар шараларды қолға алуда. Компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазаревтың айтуынша, санитарлық шаралар күшейтіліп, қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазцинк» ЖШС 1997 жылы Шығыс Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты және Зырян қорғасын комбинаты сияқты ірі-ірі үш түсті металлургия алыбының активтерін біріктіру арқылы құрылған. Барлық үш компанияның негізгі меншік иесі ҚР Үкіметі болды. Қазцинк акцияларының бақылау пакеті жеке секторға сатылған соң «Glencore International AG» компанияның бас инвесторы атанған. Қазцинк құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуат мен өнім өндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат еткен.




«Әлемді әбігерге салған коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шаралар кешенін бекіттік. Қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Тұрақты түрде дезинфекциялау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар компания қызметкерлері мен олардың отбасыларына 100 мың дана қорғаныс маскасы таратылады», - дейді Андрей Лазарев.




Оның айтуынша, бүгінде компанияда Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында шамамен 20 000 адам және мердігерлік ұйымдардың 5000 қызметкері жұмыс істейді.

«Осылайша әр адамға 3-4 маскадан беріледі. Бұл маскалардың сапасы жоғары. «Қазцинк» әрқашан қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші кезекке қояды», - дейді атқарушы директор.





Жоғары қарай