Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«ҚазАвтоЖолдың» ШҚО-дағы филиалының директоры 2 млн теңге пара алған

2019 жылдың 14 қазан 2019 11:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директорына пара алды деп айып тағылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабарламада.

Агенттік баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы ЖШС директорынан республикалық маңызы бар Р-26 «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жүргізуді сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», делінген хабарламада.

Жоғары қарай