Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 08:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 желтоқсан күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, Атырау, Қызылорда, және Талдықорған қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Экология, Ауа райы,
Жоғары қарай